Чжэнчжоу: Халықаралық әуе жүк тасымалы торабының деңгейі біртіндеп артуда (3)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 сәуір
Чжэнчжоу: Халықаралық әуе жүк тасымалы торабының деңгейі біртіндеп артуда

3 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 31 наурызда Чжэнчжоу Синьчжэн халықаралық әуежайында Люксембург жүк тасымалдаушы компаниясының бір ұшағы жүгін түсіріп болды.

Соңғы жылдары Хэнань өлкесінің Чжэнчжоу қаласы Чжэнчжоу-Люксембург «әуе Жібек жолын» белсенді түрде құрумен қатар, жаһандық жүк рейстерін де кеңейтуде. Қазіргі уақытта Чжэнчжоу әуежайының халықаралық жүк рейстері 30-дан астам елді қамтиды, халықаралық әуе жүк тасымалы торабының деңгейі біртіндеп артып келеді. 2025 жылы Чжэнчжоу әуежайының жылдық жүк және пошта тасымалы көлемі алғаш рет 1 миллион тоннадан асып, әлемдік әуе жүк тасымалының «миллион тонналық клубына» қосылды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото