- Барлық ақпарат
«Көктем самалы» атты батпырауықтар фестивалі ауылдық жерлердегі көктемгі туризм мен мәдениетті дамытуға көмектесті
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 5 сәуір
5 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 4-6 сәуір аралығында Чжэцзян өлкесінің Чжуцзи қаласы, Дунхэ ауылында «Көктем самалы» батпырауықтар фестивалі өтті. Фестиваль аясында ерекше батпырауықтарды ұшыру, жәрмеңкелер мен көрмелер, көктемгі шай жинаудан тәжірибелік сабақтар, өнерпаздардың қойылымдары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей эфир арқылы сату сияқты іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл шаралар ауылдық жерлердегі көктемгі туризм мен мәдениетті дамытуға ықпал етіп, «материалдық емес мәдени мұраны сақтау + туризм мен мәдениеттің интеграциясы + жаңа тұтыну форматтары» бағытында ауылды жандандырудың жаңа жолдарын іздестіруге бағытталған.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online




