- Барлық ақпарат
Қазақ баласының өсуі мен табиғаттың көркемдігін суреттейтін тамаша фильм жақында көрсетілімге шығады
9 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың жас режиссёрі Цзин И түсірген «Ботаник» фильмі 14 сәуірде «Ұлттық киноөнері альянсы» арқылы Қытайдың кинотеатрларында жарыққа шығады.
Бұл фильм Қытайдың Шыңжаңының солтүстік шетіндегі шекара ауылында өмір сүрген қазақ баласының табиғаттағы әрбір шөптің, ағаштың өсіп-өнуі мен солуы арқылы қоштасуды және тамыр тартуды үйренген жетілу тарихын баяндайды.
Бұл — режиссёр Цзин Идің алғашқы толық метражды туындысы. Режиссёрдің айтуынша, «Ботаник» фильмі қазақ халқының жылқы, бүркіт және жан-жануарлардың киелілігі жайлы көне аңыздарымен үндесіп, табиғаттың адам сезімі мен танымын қалай қалыптастыратынын ашып көрсетуге тырысқан.
Бұл фильм халықаралық аренада бірнеше рет жүлдеге ие болды. Оның ішінде 75-інші Берлин халықаралық кинофестивалінің «Жаңа буын балалар» байқауында үздік толық метражды фильм, 46-ыншы Каир халықаралық кинофестивалінің «Халықаралық сыншылар апталығы» секциясында арнайы аталым және үздік азиялық фильм — Netpac сыйлығы; 49-ыншы Сянган халықаралық кинофестивалінде режиссёр Цзин И «Жаңа буын байқауы» (қытай тілді фильмдер) секциясында үздік режиссёр атанды, ал фильм Халықаралық киносыншылар федерациясының жүлдесіне ие болды; Басты рөлді орындаған Есіл Жақсылықұлы табиғи әрі шынайы ойыны арқасында 15-інші Бейжің халықаралық кинофестивалінің «Нұрлы болашақ» секциясында үздік актер атағын жеңіп алды.
people.cn © People's Daily Online




