Шыңжаңның Алтай аймағы: «Өмір ұясы» іс-шарасы жыл құсын, сулы-батпақты жерлердің экологиясын, электр желілерінің қауіпсіздігін қорғайды (4)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 сәуір
Шыңжаңның Алтай аймағы: «Өмір ұясы» іс-шарасы жыл құсын, сулы-батпақты жерлердің экологиясын, электр желілерінің қауіпсіздігін қорғайды

9 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Ертіс өзені алабында орналасқан Шыңжаңның Алтай аймағы су тораптары тығыз, экологиясы жақсы, жыл құстарының мекендеуі, көбеюі және демалысы үшін маңызды аймақ болып табылады. Соңғы кездері ауа температурасының көтерілуіне байланысты өңірде жыл құстары оралуының шарықтау шегі басталды. Құстардың белсенділігінің артуы электр желілерінің қауіпсіз жұмыс істеуіне қысым тудыруда.

Осыған орай, Алтай электрмен жабдықтау компаниясы «Өмір ұясы» атты арнайы іс-шара бастады. Мамандар дронның көмегімен сулы-батпақты саябақтар мен көл маңындағы маңызды электр желілерінің бойына экологиялық ұяларды, атап айтқанда, 15 құс ұясын дәлме-дәл орнатты. Құстарға қауіпсіз мекен кеңістігін жасау арқылы олардың электр желілеріне ұя салуынан туындайтын қауіп-қатердің алдын алу, экологиялық қорғау мен электр желілерін күтіп ұстауды біріктіру, өңір экологиясы мен электр энергетикасының үйлесімді және өзара тиімді дамуына ықпал ету көзделеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото