2026 Бейжің Ичжуан адам тәрізді роботтардың жартылай марафоны өтті (7)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 сәуір
2026 Бейжің Ичжуан адам тәрізді роботтардың жартылай марафоны өтті

20 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 19 сәуірде әлемдегі тұңғыш адам тәрізді роботтар марафон брендтік іс-шарасы – 2026 Бейжің Ичжуан адам тәрізді роботтар жартылай марафонының жарыс алаңында автономды навигация режиміндегі «Жедел» (Flash) роботы 50 минут 26 секунд (таза уақыт) нәтижесімен чемпион атанды. Бұл нәтиже былтырғы робот чемпионының 2 сағат 40 минут 42 секундтық табысынан айтарлықтай асып түсті. Сонымен қатар адамдардың жартылай марафон рекордынан да озды.

Бұл жарысқа барлығы 102 команда қатысып, олардың саны өткен жылғымен салыстырғанда шамамен 5 есеге артты. Сонымен қатар алғаш рет Франция, Германия, Бразилия және т.б. 5 шетелдік команда тартылды. Жарыс технологиялық жағынан автономды навигация және қашықтан басқару болып екі түрге бөлінді.

Сурет Синьхуа агенттігінен алынды

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото