Гугун мұражайындағы көркемсурет туындылары ішіндегі «Жылқы әлемі» (5)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 22 сәуір
Гугун мұражайындағы көркемсурет туындылары ішіндегі «Жылқы әлемі»

22 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 21 сәуірде «Асыл тұлпар: Гугундағы көркемсурет туындыларнындағы «жылқы әлемі» атты көрме Гугун мұражайында ашылды. Бұл көрмеге мұражай қорындағы жылқыға қатысты 55 құнды көркем туынды таңдалып алынып, сондағы асыл тұлпар бейнесі көрсетілген.

Гугун мұражайының директоры Ван Сюйдун: «Гугун мұражайы осы арнайы көрмені өткізу арқылы асқақ, жігерлі және ұмтылысқа толы заман рухын насихаттайды, көрермендерді ертедегі туындыларды тамашалауға, әртүрлі дәуірлердегі әлеуметтік тарих пен гуманитарлық рухты зерделеуге, қытай мәдениетінің кең байтақ және терең мазмұнын түсінуге бағыттайды», – деді.

Көрме «Саяхат», «Жайылым», «Әскери өнер» және «Асыл тұлпар» деген төрт бөлімнен тұрады. Қордағы 55 көркем туындының ішінде ұлттық бірінші санаттағы 20 жәдігер бар, ал алғаш рет көрмеге қойылған жәдігерлер саны – 28.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото