Сычуань өлкесінің Пэнъань ауданы Цзялин өзенінің бойында жүздеген сиыр өзеннен өтті (2)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 1 мамыр
Сычуань өлкесінің Пэнъань ауданы Цзялин өзенінің бойында жүздеген сиыр өзеннен өтті

1 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 30 сәуір күні Сычуань өлкесінің Наньчжун қаласындағы 2026 жылғы Цзялин өзенінің мал жаю маусымы Пэнъань ауданында ресми түрде басталды. Жүзден астам су сиыры өзеннен өтіп, керемет көрініс қалыптастырды.

«Жүз сиыр табынының өзеннен өтуі» -- Цзялинь өзенінің Пэнъань бөлігіне тән ерекше экологиялық көрініс. Оның пайда болуы 1990 жылдардан бастау алады. Ондағы су электр станциясының құрылысы аяқталып, су қоймасы толтырылғаннан кейін, Цзялин өзенінің су деңгейі көтеріліп, өзен ішінде Күн мен Ай аралдары пайда болды. Аралдардың шөбі шүйгін, суы тұнық. Сондықтан су сиырлары таңертең өзеннен өтіп келіп жайылып, кеште қайтатын тамаша дағды қалыптастырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото