22 жастағы қытайлық У Ицзэ алғаш рет снукерден әлем чемпионы атанды (4)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 6 мамыр
22 жастағы қытайлық У Ицзэ алғаш рет снукерден әлем чемпионы атанды

6 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 5 мамырда қытайлық ойыншы У Ицзэ снукерден әлем чемпионатының финалында ағылшындық атақты ойыншы Шон Мерфиді 18:17 есебімен жеңіп, өзінің карьерасындағы тұңғыш әлем чемпионы атағын иеленді.

Бұл – былтыр Чжао Синьтунның жеңісінен кейін қытайлық ойыншылардың снукерден қатарынан екінші рет жоғары атаққа ие болуы.

22 жастағы У Ицзэ 1977 жылдан бері Шеффилдтегі Крусибл театрында өткізіліп келе жатқан әлем чемпионаты тарихында 1990 жылы 21 жасында чемпион атанған Хендриден кейінгі ең жас екінші чемпион.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото