Циндаода жүргізушісіз көліктерге арналған автоматты қуаттау және пайдалану орталығы ұсынылды (4)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 мамыр
Циндаода жүргізушісіз көліктерге арналған автоматты қуаттау және пайдалану орталығы ұсынылды

9 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 8 мамырда Шаньдун өлкесінің Циндао қаласында жүргізушісіз көліктерге арналған «Электр аралы 1» атты автоматты қуаттау және пайдалану жүйесі көпшілікке ұсынылды.

Мәліметтерге сәйкес, бұл жүйе көпдеңгейлі тұрақ, қуаттау роботтары, көлік қою роботтары және AI-агент сияқты технологияларды біріктіреді. Ол толығымен жүргізушісіз режимде көліктердің автоматты түрде тұраққа қойылуын, автоматты қуатталуын, ақылды жөндеуді және виртуалды электр станциясы қызметін қамтамасыз ете алады. Бұл жүргізушісіз көліктерді ауқымды пайдалану үшін қайталануға болатын шешім ұсынады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото