«Тяньчжоу-10» сәтті ұшырылды және ғарыш станциясы модулімен түйісу операциясын жүзеге асырды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 мамыр
«Тяньчжоу-10» сәтті ұшырылды және ғарыш станциясы модулімен түйісу операциясын жүзеге асырды

11 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылдың 11 мамыры, Бейжің уақыты бойынша сағат 8:14-те, «Тяньчжоу-10» жүк кемесін алып ұшқан «Чжанчжэн-7 Y-11» зымыраны Қытайдың Вэньчан космодромынан аттанды. Шамамен 10 минут өткен соң, «Тяньчжоу-10» жүк кемесі зымыраннан сәтті бөлініп, алдын-ала белгіленген орбитаға шықты. Одан кейін кеменің күн панельдері сәтті ашылып, ұшыру міндеті толықтай орындалды. Сонымен бірге «Тяньчжоу-10» жүк кемесі орбитадағы ғарыш станциясы модулімен түйісу операциясын да толық жүзеге асырды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото