Қытай-Еуропа пойыздарының жалпы саны 130 мыңнан асты (2)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 12 мамыр
Қытай-Еуропа пойыздарының жалпы саны 130 мыңнан асты

12 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылғы 9 мамырда сағат 10:00-да Германияның Гамбург қаласына баратын X8037 пойызы Қытайдың Чжэнчжоу қаласындағы Путьян станциясынан жолға шықты. Осылайша, Қытай-Еуропа пойыздарының жалпы саны 130 мыңға жетіп, жіберілген жүктің құны 520 миллиард АҚШ долларынан асты.

Соңғы жылдары Қытай теміржол мемлекеттік тобы еліміздегі батыс, орталық және шығыс үш магистральды бағыттарды негізге ала отырып, пойыздардың жүру бағыттарын үнемі жақсартып, сағатына 120 шақырым жылдамдықпен жүретін Қытай-Еуропа пойыздарына арналған 93 тұрақты маршрутты белгіледі.

Қазіргі таңда Қытайдың 129 қаласынан Қытай-Еуропа пойыздары жүреді. Бұл пойыздар Еуропаның 26 еліндегі 235 қалаға және Азияның 11 еліндегі 100-ден астам қалаға дейін барады, қызмет көрсету аймағы Еуразияның басым бөлігін қамтиды.

Қытай-Еуропа пойыздарының сапалы дамуының арқасында, бастапқы кезеңмен салыстырғанда пойыздардың Қытай ішінде және сыртындағы тасымалдау бағасы 40%-дан астамға төмендеді. Тасымалданатын жүктердің ассортименті 53 санаттағы 50 мыңнан астам тауар түрін қамтиды. Автокөлік пен оның қосалқы бөлшектері, машиналар мен жабдықтар, электрондық бұйымдар сияқты жоғары қосымша құны бар тауарлар осы пойыздар арқылы экспортталатын негізгі тауарларға айналды, ал Еуропаның ағаш материалдары, целлюлоза, ерекше ауыл шаруашылығы өнімдері мен күнделікті тұтыну тауарлары да осы пойыздар арқылы Қытай нарығына еніп жатыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото