- Барлық ақпарат
Бас хатшы Си Цзиньпин жаңа дәуір жастарына шынайы үндеу жолдады (9)
14 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- «Сендер асқақ армандарыңды аласартпай, еңбекқорлық пен құлшыныс жолдарыңнан айнымай, қалың жастарға бас болып, өздеріңнің жеке ұмтылыстарыңды ұлттық дамудың үлкен жоспарына біріктіресіңдер деп сенемін. Сендер өз салаларыңда жаңа жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа сапарда жастық жігерлеріңмен үлес қосасыңдар деп күтемін». Төртінші мамыр жастар күніне орай Бас хатшы Си Цзиньпин «Қытай жастарының төртінші мамыр медалі» мен «Жаңа дәуір жастарының авангард сыйлығы» иегерлерінің өкілдеріне жауап хатын жолдады. Ол елдегі барлық этникалық топтардың жастарына мерекелік құттықтау жолдап, оларға зор сенім артатынын білдірді.
Бас хатшы Си Цзиньпин жастарды әрқашан есінен шығармай, оларға қамқорлық жасап, мұқият тыңдап келеді. Ол жас достардың сенімді серігі, жастар жұмысының ықыласты жақтаушысы және жастар тобының жол көрсетушісі.
people.cn © People's Daily Online




