Ханчжоу көшелерінде жол қозғалысын басқаратын роботтар «жұмысқа кірісті» (6)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 14 мамыр
Ханчжоу көшелерінде жол қозғалысын басқаратын роботтар «жұмысқа кірісті»

14 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 5 мамырдан бастап Ханчжоуда «Ханцзин Чжисин» деп аталатын 15 жол қозғалысын басқару роботы ресми түрде жұмыс істей бастады.

15 робот қаланың Шанчэн, Гуншу, Сиху, Биньцзян аумақтарының маңызды қиылыстарына орналастырылып, Сиху көлінің туристік аймағын, Хубинь сауда орталығын, қаланың басты магистральдарын қоса алғанда, негізгі нүктелерді толығымен қамтиды. Роботтар әр қиылыстың әртүрлі сценарийлері мен функционалдық қажеттіліктеріне сәйкес туристерге бағыт сілтеу, велосипед және басқа да қозғалтқышсыз көліктер мен жаяу жүргіншілердің заң бұзушылықтарын ескерту, жол қозғалысын басқару және басқа да міндеттерді атқарады. Осы толыққанды жол қозғалысын басқару роботтары көшедегі жол полицияларымен бірлесіп жұмыс істеп, Ханчжоу қаласының ақылды жол қозғалысы жаңа кезеңге аяқ басқанын көрсетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото