- Барлық ақпарат
2026 жылғы әлем чемпионаты жақындап қалды, Қытайдың Иу қаласы тағы да «көзге түспеген чемпион» атанды (6)
14 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылғы Америка Құрама Штаттары, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатының ашылуына бір айдан аз уақыт қалғанда, Қытайдың оннан астам өлке-региондары чемпионатқа байланысты тауарларды саудалаудың игілігін көріп үлгерді. Ал «әлемдік супермаркет» атанған Иу қаласы тағы да сұраныстың орталығына айналды.
2002 жылғы Корея Республикасы мен Жапониядағы әлем чемпионатынан бері Иу қаласы чемпионатқа байланысты өнімдерді өндіруде ешқашан қалыс қалған емес. Оны интернет пайдаланушылар «әлем чемпионатының ең мықты атқосшысы» деп әзілдейді. Иу қаласының өнімдеріне сұраныстың жаппай артуының артында бірнеше артықшылықтар бар.
Иу қаласының нарыққа бейімделу жылдамдығы таңғаларлық. Бұл толық өндірістік тізбектің арқасында мүмкін болып отыр. Енді қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін басқа қалаға барудың қажеті жоқ. Бұл өндіріс тиімділігін едәуір арттырады. Жоғары және төменгі ағындағы жабдықтаушылар қала аумағында жарты сағат ішінде жиналып, дайын бола алады.
Бұдан бөлек, Иу саудагерлерінің нарықтық сезімталдығы өте жоғары. Олар өткен чемпионаттардың деректері мен чемпионат өтетін аймақтың – Америка Құрама Штаттары, Канада және Мексиканың климаттық ерекшеліктерін талдай отырып, салқындататын құралдар мен далада жүретін жанкүйерлерге арналған аксессуарларды алдын ала дайындап үлгерді.
Сондай-ақ «Исиньоу» теміржол желісі (Иу – Шыңжаң – Еуропа) және Нинбо-Чжоушань теңіз портына жақын орналасу артықшылығын пайдалана отырып, Иу қаласы теңіз, құрлық және әуе көлігін қамтитын логистикалық жүйесін құрып үлгерді. Бұл өнімдердің 20 күн ішінде Еуропа немесе АҚШ стадиондарына жетуін қамтамасыз етеді.
Қазіргі Иу қаласы бұрынғы арзан брендсіз өндіріс бейнесінен арылып, инновациялар мен авторлық құқықты сақтауға ерекше көңіл бөледі. Ол ресми лицензияларды алуға белсене кірісіп, шығармашылық, интеллектуалды және экологиялық таза жоғары құнды өнімдерді ұсынады. Бұл қаланың әлеуеті оны әлемдік чемпионаттарға арналған тауарлар өндірісіндегі бірінші орынға мықтап орнықтырып қана қоймай, Қытай өндірісінің берік негізін де көрсетеді.
Сурет Синьхуа агенттігінен алынды
people.cn © People's Daily Online




