- Барлық ақпарат
Қытай шетелдік туристердің тұтыну тәжірибесін жақсарту мақсатында көптеген шараларды іске қосты (4)
![]() |
15 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Шетелдік туристердің тұтыну тәжірибесін жақсарту мақсатында Қытайдың көптеген өңірлері жақында шет тілдерін қолдау, құқықтар мен мүдделерді қорғау және салықты қайтару рәсімдерін жеңілдету сияқты сала түрлерін қамтитын шаралар тізбегін іске қосты.
Бейжіңнің Чаоян ауданындағы Шюсуй көшесі сауда аймағында жаңадан ашылған көптілді қызмет көрсету орталығы 20-дан астам тілді қамтитын аударма құралдарымен жабдықталған. Орталық шетелдік туристерге «бір терезе» кеңес беру және дауларды шешу қызметін ұсынды. Сондай-ақ жергілікті саудагерлер «жеті күн ішінде себепсіз қайтару» саясатын енгізді. Бұл туристердің тұтынуға деген сенімін айтарлықтай жоғарылата түсті.
Чжэцзян өлкесінің Иу қаласындағы жаһандық сандық сауда орталығында «Қытайда жасалған» әртүрлі жаңа технологиялық өнімдер көптеген шетелдік туристердің назарын аударып, таңдау жасауға тартты. Танымал туристік қала Сямэнь елден шығардағы салықты қайтару қызметін жаңартты. Қазір 71 дүкен «сатып алғаннан кейін салықты бірден қайтару» ыңғайлы қызметін іске қосты. Мәліметтер бойынша, осы жылдың алғашқы төрт айында Сямэньде шекарадан шығарда салықты қайтару бойынша жасалған сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 66,8%-ға өсті.
Бұдан басқа, Сямэньдегі Гуланюй аралында жаңадан ашылған мәдени мекемелер мен шығармашылық мәдени-тауарлық өнімдер шетелдік туристердің үлкен сүйіспеншілігіне ие болуда.
Үнемі оңтайландырылып жатқан саяхаттауға ыңғайлы саясат шетелдік туристердің Қытайға келуі мен сауда жасауын одан әрі жеңілдетуде.
people.cn © People's Daily Online




