- Барлық ақпарат
Жаңа сапар жолында жастық күш-жігермен үлес қосу (3)
19 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Бұл жыл «15-інші бесжылдықтың» басталу жылы. Көптеген қытай жастары әртүрлі салада жігерлене еңбек етуде: кейбіреулері ғылым мен техниканың шыңына көтерілсе, кейбіреулері аудандық деңгейдегі өндірісте, ал енді біреулері қарапайым жұмыс орындарында үнсіз еңбек етуде. Әр жастың өз асқақ арманы бар әрі қадамдарын да нық баса біледі. Олар батыл түрде тың әдістерді сынақтан өткізіп, кемелдікке ұмтылуда.
“Сендердің биік арман-мұратының болуын, жан салып еңбектеніп, жастардың жеке мүддесі мен ел дамуының жалпы үдерісін біріктіруіне ықпал етіп, қызмет орындарында тың жетістіктерге жетулеріңді, жаңа сапар жолында жастық күш-жігерлеріңмен үлес қосуларыңды үміт етемін.”.
- 2026 жылдың 2 мамырында Си Цзиньпин Төртінші Мамыр медалімен және Жаңа Дәуірдегі Жастар үлгісі сыйлығымен марапатталған қытай жастарының өкілдеріне шабыттандыру хатын жазды
Міндетке адалдық
Қытай теміржолының Ланьчжоу филиалы
5 мамыр таңғы сағат 3-те, Қытай теміржолының Ланьчжоу филиалы, Ланьчжоу вагондар депосының жөндеу цехында механик Мань Чжэнюнь қарбалас жұмыс істеп жатыр. 10 жылдық еңбек жолында Мань Чжэнюнь жалпы саны 7000-нан астам жоғары жылдамдықты пойызға техникалық қызмет көрсетіп, 1200-ден астам түрлі қауіпсіздік олқылығын анықтап, жойды.
Ішкі Моңғолдың Тунляо қаласы
Шұлұгүтай құмға қарсы күрес жобасы – «Үш солтүстік» бағдарламасы алтыншы кезеңінің маңызды бөлігі. «1 мамыр» мерекесі кезінде биылғы жылға жоспарланған көшет егу жұмыстарын толық аяқтау көзделген. Жоба аймағының жауапты өкілі Ван Хэнцзе: «Қазір – ағаш егудің ең қолайлы уақыты, көшеттердің өміршеңдігі ең жоғары деңгейде. Бір сәт те кешіктіруге болмайды», – деді.
Ғылыми-техникалық инновация шыңына шығу
Шанхай, Сюйхуэй ауданы
Биыл Шанхайдың «Модель кеңістігі» ірі модельді инновациялық экожүйе қауымдастығының жастар ұжымы Қытай жастар сыйлығының «4 мамыр» медаліне ие болды.
Бұл жерде 300-ден астам жасанды интеллект кәсіпорны шоғырланған. Жылдық кіріс өткен жылмен салыстырғанда 12 есеге өсіп, жалпы өнім көлемі триллион юаньнан асты. Кәсіпкерлердің орташа жасы – 30 жасқа дейін.
Ірі іс, бас рөл, бар күшті салу
Жастар ғылыми-техникалық инновациялардың озық саласында негізгі рөл атқарып, өз шеберліктерін көрсетуде. «Бэйдоу» жүйесін құру, «Чанъэ»-мен топырақ үлгісін алу, «Тяньгун» стансасын салу, «Тяньвэнь»-мен марсқа зерттеу жүргізу секілді ірі ғылыми-техникалық жобалардың жекелеген маңызды буындарындағы ғылыми-зерттеу ұжымдарының орташа жасы 30-35 жас аралығында.
Алдыңғы шепте берік тұру
Хэбэй өлкесінің Таншань қаласы
8 жыл бұрын, Таншань қаласы, Лэтин ауданы, Паньгэчжуан ауылы, Каньтяньгэчжуан қыстағы партия ұжымының хатшысы әрі ауыл комитетінің төрағасы Ли Яо ауыл тұрғындарын бастап жол салып, жарық орнатып, ауылдың тұрмыс ахуалын үздіксіз жақсартты.
Ли Яо ауылдастарымен бірге жоғары стандартты егістік алқаптар құрып, балық пен көкөніс өсіруді біріктіретін ортақ экономикалық ауылшаруашылық жобасын енгізіп, инфрақұрылымдық ауылшаруашылығын дамытты. Бірнеше жылдың ішінде бір му (1/15 гектар) жердің орташа кірісі 1000 юаньнан 15 мың юаньға дейін өсті.
Ганьсу өлкесінің Увэй қаласы
Ганьсу өлкесі Увэй қаласының Миньцин ауданы Теңгір және Бадайн-Жаран құмды алқаптарының арасында оқшау қалатын. Миньцин ауданының орман отырғызу және қоғамдық игілікті дамыту орталығының жетекшісі Чжун Линь университетті бітіргеннен кейін өз еркімен туған жері Миньцинге оралып, Теңгір құмды алқабының маңына сексеуіл отырғызып, 466 гектардан астам жерге орман өсіріп, шөлейт аймақты бірте-бірте көгалдандырды.
Оның бастауымен бүкіл ел бойынша көптеген еріктілер жүктерін алып, ынта-ықыластарымен осы құм теңізіне ағылуда.
Шынайы әрекет және жауапкершілік
Сычуань өлкесінің Дэян қаласы
2023 жылғы Қытай жастар сыйлығы «4 мамыр» медалінің лауреаты, Қытайдың екінші ауыр машина жасау тобының Дэян Ваньхан авиациялық соғу компаниясының қызметкері Е Линьвэй өз командасымен бірге үнемі техникалық қиындықтарды жеңіп, C919 ұшағының шассиінің сыртқы бөлігі мен фюзеляждың рамалық жабдықтар секілді авиациялық жоғары сапалы соғылма бөлшектерін сәтті дайындады.
Гуандун өлкесінің Шэньчжэнь қаласы
Ван Цзиньцинь – заң және экономика ғылымдары бойынша қос диплом иегері. Ол Shunfeng Express компаниясына жұмысқа кіріп, қойма меңгерушісі болды. Талмай еңбек етуінің арқасында 8 ай ішінде бөлім бастығы қызметіне көтерілді. Кейін ол Shunfeng компаниясының жүк ұшағы ұшқыштарына ішкі іріктеу жасайтынын біліп, ағылшын тілін тырысып үйреніп, отандық және шетелдік авиация мектептерінде оқу мүмкіндігіне ие болды. Авиация мектебінде ол «ештеңеден хабарсыз» күйден үздік курсантқа айналды ұшқыш мамандығын жетік меңгерді.
Жұмыс барысында ол ұшудың тәуекелді сәттерін бастан кешіріп, жоғары кәсіби дайындықтан өтті. 2024 жылы жүк ұшағын басқара бастады. Қазір ол авиакомпанияның командирі әрі ұшу нұсқаушысы болып, еліміздің еңбек үлгісі атанды. Ван Цзиньцинь авиациялық логистиканы дамытуға үлес қосып, мамандарды әртүрлі тәсілдермен даярлауды жоспарлап отыр.
people.cn © People's Daily Online




