Хайнаньның Санья қаласының туризм бөлімі Қазақстан мен Ресей нарықтарын белсенді түрде игеруде (3)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 21 мамыр
Хайнаньның Санья қаласының туризм бөлімі Қазақстан мен Ресей нарықтарын белсенді түрде игеруде

21 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Халықаралық туристерді көбірек тарту мақсатында Санья қаласының туризмді дамыту басқармасы Хайнань әуежай тобымен бірлесіп 17-20 мамыр аралығында Қазақстан мен Ресейге іс-сапармен барып, нақтыланған және сараланған нарықтық іс-шаралар өткізді.

Қазақстанда Санья Шымкент әуежайында алғашқы шетелдік туризмді насихаттау байланыс орнын ашты және жергілікті SCAT авиакомпаниясы және басқа да кәсіпорындармен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, Санья-Шымкент бағытының ашылу процесін жылдамдатып жатыр.

Трансшекаралық әуе бағыттарының желісі жеделдетіліп жатқандықтан, Хайнаньның Орталық Азияға бағытталған әуе дәлізі одан әрі ашылып, екі өңір арасындағы сапарлау ыңғайлылығын айтарлықтай арттырып, Орталық Азиядан келетін туристерді Хайнаньға көбірек тартады.

Ресейде Санья Шереметьево әуежайы, I Fly авиакомпаниясы және басқа да ұйымдармен қарқынды келіссөздер жүргізіп, Aeroflot әуекомпаниясымен бірлесіп Мәскеуде авиакомпания өкілдігін ашты. Бұл – орыстілді нарыққа арналған насихаттау платформасы, онда теңіз жағасындағы демалыс, кеденсіз сауда, сауықтыру және демалыс сияқты туристік өнімдер басты назарда ұсынылады.

Сурет: Санья қаласының туризмді дамыту басқармасы

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото