Сицзанның бейбіт жолмен азат етілгеніне 75 жыл: «Аспан жолы» биік таулы өлкеде кеңінен өрілді (5)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 22 мамыр
Сицзанның бейбіт жолмен азат етілгеніне 75 жыл: «Аспан жолы» биік таулы өлкеде кеңінен өрілді

22 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Биыл Сицзанның бейбіт жолмен азат етілгеніне 75 жыл толды. Бүгінде қарлы асулар мен қауіпті шатқалдарға толы биік таулы өлкеде «Аспан жолы» деген атаққа ие жолдар тау-тасты жағалай өтіп, көлік желісін тығыздап, жолаушылар мен жүктерді емін-еркін тасымалдауда. Сицзанда Лхасаны орталық етіп, барлық аймақтар мен қалаларды байланыстыратын кешенді әрі үш өлшемді көлік жүйесі құрылды. Ауыл мен қала арасындағы байланыс барынша кемелденіп, әртүрлі этнос өкілдеріне тиімді болып қана қоймай, өңірдің экономикалық және әлеуметтік сапалы дамуына серпін берді.

2025 жылдың соңына қарай Сицзанда көлік қатынасының жалпы ұзындығы 125,2 мың шақырымға жетті, оның 110 мың шақырымы — санатты тасжолдар. Жалпы қолданыстағы мемлекеттік тасжолдардың үшінші және одан жоғары санаттағыларының үлесі 95 пайызды құрайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото