2026 жылғы дүниежүзілік ақылды индустрия көрмесінің павильондары (6)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 мамыр
2026 жылғы дүниежүзілік ақылды индустрия көрмесінің павильондары

27 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылғы Дүниежүзілік ақылды индустрия көрмесі 28 мамыр мен 31 мамыр аралығында Тяньцзиньде өтеді. Бұл көрменің тақырыбы – «Әлемге ақылмен сапарлау, энергиямен болашаққа жылжу». Көрме бір жалпы экспозициялық аймақтан және жасанды интеллекттің өзекті технологиялары, іске асырылған ақылды жүйелер, ақылды байланыс көліктері, төмен кеңістік экономикасы мен коммерциялық ғарыш, ақылды өндіріс және ақылды өмір деген алты тақырыптық экспозициялық аймақтан тұрады. Сонымен қатар екі ақылды жарыс павильоны қарастырылған. Бұл аймақтарда жасанды интеллекттің барлық саланы жан-жақты қуаттандырып, жақсы өмірге қызмет ететін жаңа технологиялары, жаңа өнімдері және жаңа сценарийлері орталықтандырылған түрде көрсетіледі. Қазіргі уақытта көрмеге дайындық жұмыстары қорытынды кезеңіне енді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото