- Барлық ақпарат
Бейжіңдегі құс түрлерінің саны 531-ге жетті
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 28 мамыр

28 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Әлемдегі биоәртүрлілігі ең бай қалалардың бірі саналатын Бейжіңде қазір 531 құс түрі мекендейді. Бұл ел бойынша кездесетін құс түрлерінің үштен бірінен астамын құрайды. 2012 жылдан бастап Бейжің әрқайсысы бір миллион му аумақты қамтитын екі ірі ауқымды орман өсіру жобасын қатар жүзеге асырды. Осы кезеңде қала 100-ден астам қалалық және қала маңындағы саябақтарды, 79 қорықты және 47 негізгі қалалық сазды аумақты іске қосты. Осылайша алуан түрлі және таралымы салыстырмалы түрде кең қорғалатын табиғи аумақтардың кешенді жүйесі қалыптасты.



(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



