- Барлық ақпарат
Қытайдың теңіздегі ең ірі таяз қабатты литологиялық мұнай кен орнының бірінші кезеңді игеру жобасы толық іске қосылды

28 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың теңіз мұнайы корпорациясы таратқан хабарға сәйкес, Қытайдың теңіздегі ең ірі таяз қабатты литологиялық мұнай кен орны – Кэнли 10-2 мұнай алабын игеру жобасының (бірінші кезең) 27 мамырда толық іске қосылуымен, мұнайдың тәуліктік өндіру көлемі 2800 тоннадан асты. Бұл елдегі ең ірі мұнай өндіру базасы – Бохай теңізі мұнай кен орнының тұрақты өнімділігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
Кэнли 10-2 мұнай кен орны Бохай теңізінің оңтүстік бөлігінде орналасқан, барланған мұнайдың геологиялық қоры 100 миллион тоннадан астам, бұл Бохай шөгінді ойысының таяз қабатында табылған тұңғыш жүз миллион тонналық литологиялық мұнай кен орны. Бірінші кезеңді игеру жобасының негізгі өндірістік нысандарына бір орталық платформа мен екі автоматтандырылған ұңғымалық платформа кіреді, барлығы 79 өндіріс ұңғымасы бұрғыланды.
Мәліметтерге сәйкес, Кэнли 10-2 мұнай кен орны – Қытайдың теңізінде алғаш рет игеріліп жатқан тармақты пішінді тұтқыр мұнай қабаты. Мұнай мен газ негізінен ұзын әрі ирелеңдеген құм денелерінде сақталған, әртүрлі құм денелері бір-бірімен астасып, ағаш бұтақтарының жердегі көлеңкесіне ұқсап, «тармақты пішінді» сипатта болады. Кен орнының мұнай-газ қорларының «шашыраңқы, тар, жұқа, күрделі» таралу ерекшелігіне байланысты жобада суық және ыстық өндіру әдістерін біріктірген аралас игеру тәсілі қолданылды.

people.cn © People's Daily Online



