- Барлық ақпарат
«Шэньчжоу-21» мен «Шэньчжоу-23» экипаждары орбитада кезекшілікті тапсырды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 28 мамыр

28 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 28 мамырда «Шэньчжоу-21» және «Шэньчжоу-23» ғарышкерлері экипаждары арасында салтанатты кезекшілік тапсыру рәсімі өтті. Екі экипаж Қытайдың ғарыш станциясының кілтін өзара тапсырды.
Қытайдың басқарылатын ғарыш кеңсесінің мәліметінше, қазірге дейін «Шэньчжоу-21» экипажы барлық жоспарланған тапсырмаларды толығымен орындап болды. Олар жақын арада «Шэньчжоу-22» басқарылатын ғарыш кемесімен Дунфэн қондыру алаңына қайтып оралады.
Қазіргі уақытта қондыру алаңы мен барлық сынақ жүйесі ғарышкерлерді қарсы алуға дайындық жүргізіп жатыр.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



