- Барлық ақпарат
Тоғызыншы Қытай-Еуразия көрмесінде 80-нен астам экономикалық-сауда іс-шарасы өтеді

10 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 9 маусымда ҚХР Сауда министрлігінде өткен баспасөз брифингінен белгілі болғандай, тоғызыншы Қытай-Еуразия көрмесі сауданы ынталандыру, инвестициялық ынтымақтастық, тұтынуды кеңейту, инновациялық ынтымақтастық деген төрт бағытқа назар аударып, 80-нен астам жаңа өнім тұсаукесері, шекарааралық экономикалық-сауда, инвестиция тарту іс-шараларын өткізеді.
Осы көрме аясында «Қытайға экспорт» бағдарламасының Қазақстанға арналған арнайы сессиясы, Қытай (Шыңжаң) - Орталық Азия жібек жолындағы электронды коммерция саласындағы үкімет пен бизнес өкілдерінің диалогы, «Шыңжаңға инвестиция» сияқты тақырыптық іс-шаралар, тиісті өлке-региондардың инвестициялық таныстырылымдары, мәдени-туристік сала бойынша арнайы таныстырылымдар, сондай-ақ Қытайдың Шыңжаңына көршілес елдердің қаржы саласындағы ынтымақтастық бойынша келіссөздері сияқты көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады.
Экономикалық-сауда іс-шаралары ауыл шаруашылығы, жасыл энергетика, сауда-логистика, құрылыс материалдары, трансшекаралық электронды коммерция сияқты негізгі салаларға бағытталып, арнайы салалық кездесулер өткізіледі. Бұл ынтымақтастық туралы түрлі бастамалы келісімдердің нақты жобаларға айналуына ықпал етеді.
people.cn © People's Daily Online



