Еліміздің тауар саудасы алғашқы бес айда 15,3%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 маусым

10 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Бас кеден басқармасының мәліметтері бойынша, Қытайдың тауар импорты мен экспортының жалпы құны 2026 жылдың алғашқы бес айында 20,68 триллион юаньға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 15,3%-ға өскен. Осы жалпы көлемнің ішінде экспорт 11,8%-ға өсіп, 11,91 триллион юаньға жетті, ал импорт 20,5%-ға артып, 8,77 триллион юаньға ұлғайды.

Тек мамыр айында тауар импорты мен экспортының жалпы құны 4,45 триллион юаньды құрап, 16,9%-ға жоғарылады. Экспорт 13,8%-ға өсіп, 2,59 триллион юаньға жетті, ал импорт 21,5%-ға ұлғайып, 1,86 триллион юаньды құрады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото