- Барлық ақпарат
Қолдан жасалған «шыңжаңдық қозы» қуыршақтары Үрімжі туризмінде танымал болды

10 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Үрімжідегі қолдан жасалған «қозы» мәдени және шығармашылық қуыршағы интернетте үлкен сұранысқа ие болды. Атлас жібектен киім киіп, тақиясына үкі қадаған сүйкімді қозыларды интернет пайдаланушылары «шыңжаңдық лабубу» деп атады.
Сатушы Абдулла Эмирилла ең күрделі дизайндарды жасауға 6 минут жұмсалып, күніне ең көп дегенде 200 дана өнім шығаратындықтан, ұсыныстарға үлгірмей жатқанын айтты. Туризмнің ең қаурыт кезінде анасы да келіп көмектеседі екен. Тағы бір сатушы қозыларының күнделікті сатылымы 5000 юаньнан асатынын хабарлады.
Қуыршақтардың киімдерін туристер өздері ұнатқан үлгіде таңдай алады. Таңдау жасалған соң сатушы қозының киімдерін өлшеп, тігіп береді. Бұл ерекше қолөнер тәжірибесі дәстүрлі естелік бұйымдарына қарағанда адамға айырықша әсер сыйлап, жас туристерді өзіне баурады.

people.cn © People's Daily Online



