- Барлық ақпарат
Алғашқы бес айда Қытайдың құрылыс техникасы ел іші мен сыртында жақсы сатылды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 маусым

10 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай құрылыс техникасы қауымдастығының 8 маусым күнгі мәліметтері бойынша, 2026 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында негізгі құрылыс техникасы өнімдерінің сатылымы ел ішінде де, халықаралық деңгейде де айтарлықтай өсті. Осы кезеңде Қытай барлығы 126 875 экскаватор сатып, өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 24,7%-ға артты. Әртүрлі типтегі тиегіштен 67 162 дана сатып, бұл өткен жылдың ұқсас уақытымен салыстырғанда 27,3%-ға артты. Осы екі негізгі өнім санаты бойынша ішкі сатылым да, халықаралық экспорт та өткен жылмен салыстырғанда жақсы өсімге қол жеткізді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



