Қытай өнеркәсіптік роботтар бойынша алғаш рет таза экспорттаушы ел атанды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 маусым

10 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік деректер басқармасы 8 маусымда жариялаған «Цифрлық Қытайдың даму баяндамасы (2025)» бойынша, 2025 жылы Қытайдың өнеркәсіптік роботтар экспорты 48,7 пайызға өсіп, тарихта бірінші рет импорттан асып, өнеркәсіптік роботтар бойынша таза экспорттаушы ел атанды.

Баяндамада көрсетілгендей, 2025 жылы еліміздегі роботтардың дайын өнім шығаратын кәсіпорындарының саны 140-тан асып, адам тәрізді роботтардың 330-дан астам үлгісі ұсынылды; өнеркәсіптік роботтар өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 28 пайызға өсті; қызмет көрсету роботтары 18,581 миллион дана өндіріліп, өсім 16,1 пайызды құрады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото