Шыңжаңдағы алғашқы қалалық супер интеллект Қарамай қаласында іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 маусым

10 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 6 маусымда Шынжаңның Қарамай қаласы мен Huawei Cloud бірлесіп, Шанхай қаласында «Қарамай қалалық супер интеллектісін» жария етті. Бұл Huawei компаниясының ел бойынша бірінші қалалық деңгейдегі супер интеллект үлгісі және AI CITY 2.0 архитектурасы негізінде іске асырылған алғашқы жоба болып табылады.

Бұл жүйе бүкіл аумақты қамтитын сезіну және өздігінен шешім қабылдау мүмкіндігіне ие. Деректер кедергілерін жойып, қаланы басқаруды пассивті түрден белсенді болжау мен өздігінен оңтайландыру деңгейіне көшірді.

Бұл супер интеллект жобасы «Сяо Кэ» атты AI әлеуметтік қызметкері сияқты инновациялық қызмет көтергіштерімен жабдықталып, тәулік бойына қолжетімді интеллектуалды мемлекеттік қолдау көрсетеді. Ол мемлекеттік қызмет түрлерін рәсімдеу, қоғамдық басқару, халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету секілді саланы қамтып, тұрақты жұмыс істейді. Қазіргі таңда Қарамай қаласындағы мемлекеттік қызмет түрлерінің 96 пайыздан астамын интернет арқылы рәсімдеуге болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото