- Барлық ақпарат
2025 жылы Қазақстанда туризмге 1,3 трлн теңге инвестиция тартылды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 маусым

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда туристік саласы тұрақты өсім көрсетті, деп хабарлайды khabar.kz. Қазақстандағы Қонақүйлер мен өзге де орналастыру орындары 10 млн-нан астам қонақты қабылдады. Оның ішінде ішкі туристер саны 8,7 млн адамды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 700 мың адамға артты.
Сыртқы туризмде де оң динамика сақталуда. Орналастыру орындары қызметін 1,4 млн шетелдік турист пайдаланды. Жалпы алғанда, бір жыл ішінде Қазақстанға 15,7 млн шетел азаматы келді. Оның 11,1 млн-ы туристік мақсатпен келген.
Туристік ағынның өсуімен қатар саланың экономикалық қайтарымы да артып келеді. Орналастыру орындарының жиынтық табысы 350,6 млрд теңгеге жетсе, туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеден асты.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



