Қытайдағы пандаларды қорғау ғылыми-зерттеу орталығында биылғы алғашқы панда төлі дүниеге келді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 маусым

11 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 10 маусымда Қытайдағы пандаларды қорғау ғылыми-зерттеу орталығынан алынған мәліметке сәйкес, 4 маусымда сағат 10:31-де «Эньэнь» атты панда Волун Шэньшупин базасында бір күшік тапқан. Бұл – осы орталықтың отандық қолда ұсталып өсірілетін пандалар популяциясындағы биылғы алғашқы төл.

Осы жылдың қаңтар айының ортасында 6,5 жастағы «Эньэнь» табиғи жолмен сәтті ұрықтанды. 4 маусымда таңертең «Эньэнь» төлдейтін кезеңге аяқ басты. Қызметкерлердің тығыз бақылауы және қорғауымен «Эньэнь» өзінің тұңғыш күшігін сәтті дүниеге әкелді.

Жыл сайын шілде мен қыркүйек аралығы пандалардың күшіктейтін кезеңіне тура келеді. «Эньэнь» панда сәтті төлдеп, осылайша орталықта қолда ұсталып өсірілетін пандалар тобына жыл сайын жаңа мүшелер қосылатын мезгіл басталды.

2025 жылдың соңына қарай бүкіл Қытай бойынша қолда ұсталып өсірілетін пандалар саны 808-ге жетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото