Чэндудан Түрікменстанға толық теміржол пойызы жолға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 маусым

11 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 9 маусымда полиэфир кесектері мен теледидар қосалқы бөлшектері тиелген 55 контейнерлік Орталық Азия бағытындағы пойыз Чэнду халықаралық теміржол гаванының Чэнсян станциясынан аттанды, Қорғас шекара бекеті арқылы елден шығып, Түрікменстанға жөнелтілді. Бұл пойыздың сәтті жолға шығуы Чэнду-Түрікменстан бағытындағы толық теміржол пойызының тұрақты жұмыс істейтін кезеңге ресми түрде аяқ басқанын көрсетеді. Осылайша, Чэнду халықаралық жүк пойыздарының шетелдегі қызмет көрсету пункттерінің саны 137-ге жетті.

Берілген ақпарат бойынша, бұл жолы жүрген пойыз Орталық Азия арқылы өтетін толық теміржол тікелей жеткізу жоспарын қолданған. Ол Чэндудан тікелей Түрікменстанға дейін барады, барлық жолға шамамен 15 күн уақыт кетеді. Бұл екі станция арасындағы логистикалық арнаның тиімді тікелей байланысын іске асырады. Соңғы жылдары Чэнду халықаралық теміржол гаваны Орталық Азия нарығында тереңінен жұмыс істеп, Орталық Азияның бес елімен өзара қатынас пен байланыс орнатуды толық іске асырды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото