Цзянсу өлкесінің делегациясы Қазақстанға сапарлады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 15 маусым

15 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылдың 10-13 маусымы аралығында Цзянсу өлкесі партия комитетінің хатшысы Синь Чансин бастаған делегация Қазақстанға сапарлай барды. Қазақстанның бірінші вице-премьері Нұрлыбек Нәлібаев Цзянсу өлкесі партия комитетінің хатшысы Синь Чансинмен кездесті. Тараптар ынтымақтастық әлеуетін одан әрі аша отырып, Қытай мен Қазақстан арасындағы тұрақты жан-жақты стратегиялық әріптестікті жаңа белеске көтеруге дайын екендіктерін білдірді.

Сапар барысында «Цзянсу (Қытай) — Қазақстан кәсіпкерлік-ынтымақтастық алмасу конференциясы» 450-ден астам саяси және іскер топ өкілдерін жинады. Синь Чансин Цзянсу өлкесінің Қазақстанға әлемдік нарыққа шығудың тиімді жолын ұсынуға, өзара байланысты нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге, жаңа салалардағы және гуманитарлық алмасулардағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін айтты. Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Цзянсу кәсіпорындарын Орталық Азия нарығына инвестиция салуға шақырды.

Сонымен қатар «Цзянсу — Орталық Азия елдері өндіріс пен білім беру интеграциясы алмасу конференциясы» өткізіліп, онда цифрлық экономика, таза энергетика және т.б. салаларға ерекше назар аударылды. Басқосуға Қазақстанның Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова және т.б. қатысты. Жиын барысында екі тілдегі оқулықтар таныстырылып, Жасанды интеллект инновациялық орталығы мен цифрлық индустрия базасы ашылып, бірнеше кәсіпорын-университет ынтымақтастығы жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

Сапар барысында Синь Чансин, Арман Шаққалиев, Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинь және Қытай-Орталық Азия механизмінің өкілі Сунь Вэйдун Орталық Азиядағы Цзянсу орталығының ашылу салтанаты мен Цзянсу өлкесінің Қазақстандағы сауда-экономикалық өкілдігінің іске қосылуының куәсі болды. Цзянсу өлкесі Алматы қаласы және Алматы облысымен достық алмасу және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Сапар кезеңінде «Цзянсу мәдениет апталығы» өткізілді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото