Қаңтар-мамыр айларында еліміз бойынша туристік пойыздардың қатынау саны 14,6%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 15 маусым

15 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- «Пойызбен саяхаттау» тақырыбына қызығушылық жаз мезгілі қарсаңында қайта артты. Солтүстік-батыс өңірлеріне арналған арнайы маршруттардан бастап, Ұлы Хинган таулары арқылы өтетін баяу орман пойыздарына дейін – көптеген адам вагонды үй, терезенің сыртындағы табиғатты аула ретінде сезінуге бейімделіп келеді.

Биылғы жылдың басынан бері елдегі туристік пойыздар саны тұрақты өсіп, халықтың саяхаттау мүмкіндіктерін кеңейтті. Қаңтар-мамыр аралығында Қытай бойынша туристік пойыздардың қатынау саны 705-ке жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,6%-ға ұлғайды.

Саяхаттау – асығуды қажет етпейтін процесс. Әр пойыздың дыбысы, терезе алдынан жылжып өткен әрбір көрініс, жолда кездейсоқ танысқан бейтаныс жолаушымен бөліскен әңгіме – кейде көздеген мақсаттың өзінен де әсерлі болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото