- Барлық ақпарат
Қаңтар-мамыр айларында Гуандун өлкесінің импорты мен экспорты 18,8% өсті

15 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Бас кеден басқармасының Гуандун филиалынан алынған мәлімет бойынша, биылғы жылдың алғашқы бес айында Гуандун өлкесінің импорты мен экспорты 4,44 триллион юаньды құрап, 18,8%-ға өсті. Оның ішінде экспорт 2,61 триллион юань болып, 10,8%-ға, ал импорт 1,83 триллион юань болып, 32,4%-ға ұлғайды.
Айлық деректерге қарасақ, Гуандунның импорты мен экспорты қатарынан бес ай бойы екі таңбалы өсімді сақтап келеді. Мамыр айында Гуандунның импорты мен экспорты 948,19 миллиард юаньды құрап, айлық тарихтағы ең жоғары көрсеткішке жетті (20,3% өсім). Оның ішінде экспорт 549,13 миллиард юань (8,6% өсім), импорт 399,06 миллиард юань болды (41,2% өсім).
Алғашқы бес айда Гуандунның электромеханикалық өнімдер экспорты 1,84 триллион юаньды құрап, 15,1%-ға өсті. Бұл Гуандун экспортының жалпы көлеміндегі үлесті өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,7 пайыздық тармаққа арттырып, 70,5%-ға жеткізді. Соның ішінде литий-ионды батарея (50,3% өсім), электромобильдер (17% өсім) сияқты жасыл өнімдер экспортының көлемі үздіксіз артып келеді. Сонымен қатар, 3D-принтерлер (1,2 есе өсім), цифрлы камералар (70,7% өсім) және ұшқышсыз ұшу аппараттары (27,7% өсім) сияқты өнімдердің экспорты жылдам өсуде. Бұл кезеңде Гуандунның дәстүрлі бәсекеге қабілетті тауарларының экспорты да белсенділік танытты. Олардың ішінде тұрмыстық электр құралдары (4,3% өсім), компьютерлер мен олардың бөлшектері (10,9% өсім), ұялы телефондар (16,4% өсім), электр жабдықтары (28,4% өсім) және электронды компоненттер (34,8% өсім) бар.
Импорттық тауарларға келетін болсақ, алғашқы бес айда Гуандун импортының өсу қарқыны экспорттан айтарлықтай жоғары болды. Интегралдық микросхемалар импорты 709,97 миллиард юаньға, яғни, 42,8%-ға өсіп, Гуандун импортының жалпы көлемінің 38,9%-ын құрады. Компьютер мен олардың бөлшектерінің импорты 254,26 миллиард юань болып, 49,5%-ға ұлғайды. Осы кезеңде өсімдік майы (1,3 есе өсім), сиыр еті (70,9% өсім), сүт өнімдері (8,4% өсім) және суда өмір сүретін азық-түлік өнімдері (6,9% өсім) сияқты сапалы тұрмыс тауарларының импорты өсті.
people.cn © People's Daily Online



