Ұлттық теміржол алғашқы бес айда 1,67 миллиард тонна жүк тасымалдады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 15 маусым

15 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- China State Railway Group Co., Ltd. компаниясының мәліметтері бойынша, ұлттық теміржол желісі биылғы қаңтар-мамыр айларында барлығы 1,67 миллиард тонна жүк тасымалдады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға өсті. Тиелген вагондардың орташа тәуліктік саны 186 300-ге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2,8%-ға ұлғайды. Атап айтқанда, 2 мамырда 202 400 вагон жүк тиеліп, бір күндік тиеу көлемі бойынша жаңа тарихи рекорд орнатты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото