Ван И ШЫҰ құрылғанына 25 жыл толуына арналған іс-шараға қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 16 маусым

16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) құрылуы қазіргі халықаралық қатынастың жаңа парағын ашты. Бұл туралы 15 маусымда Бейжіңде Қытай Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Саяси бюросының мүшесі, Қытай Сыртқы істер министрі Ван И мәлімдеді.

Ван И ШЫҰ-ның құрылғанына 25 жыл толуына арналған қабылдауда сөйлеген сөзінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер сенім, өзара тиімділік, теңдік, келіссөздер, әртүрлі өркениеттерді құрметтеу және ортақ дамуға ұмтылу негізінде «Шанхай рухын» қалыптастырып, жаңа типтегі халықаралық қатынастарды орнатқанын атап өтті. Қытай тарапы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттермен даму мүмкіндіктерін бөлісіп, өзара тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізуге ниетті.

ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев құттықтау сөзінде былтыр өткен ШЫҰ Тяньцзинь саммиті келесі 10 жылға арналған даму стратегиясын бекітіп, ұйымға прагматикалық және жүзеге асыруға болатын даму бағытын белгілеп бергенін айтты. Ол халықаралық қоғамдастықтың ШЫҰ-ға деген қызығушылығының артып келе жатқанын, мүше мемлекеттер аймақ халқына игілік әкеліп, бейбітшілік пен дамуды нығайта беруге ниетті екенін білдірді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото