Қытай мен Моңғолия арасындағы ірі ынтымақтастық жоба — Ұланбатырдың орталық ағынды суды тазарту қондырғысы ресми түрде ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 16 маусым

16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 15 маусым күні Моңғолияның астанасы Ұланбатырда орталық ағынды суды тазарту қондырғысының ашылу салтанаты өтті. ҚКП Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И іс-шараға Моңғолия Президентінің аппарат басшысы Алтанхуяг Уйлстугулдур және Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэгпен бірге қатысты.

Қытай мен Моңғолия арасындағы бұл маңызды ынтымақтастық жобасын қытайлық кәсіпорын қытайлық стандарттар мен технологияларды қолдана отырып салды. Моңғолияның ең ірі, ең озық ағынды суды тазарту қондырғысы ретінде оның тәулік бойы тазарту қуаты - 250 000 текше метр. Қондырғы жергілікті су сапасын айтарлықтай жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Фото:Сыртқы істер министрлігі

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото