- Барлық ақпарат
Қытай мен Қазақстанның үшінші сараптамалық орталықтар форумы Бейжіңде өтті

16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 12 маусымда «Қытай мен Қазақстанның үшінші сараптамалық орталықтар форумы» Бейжіңде «Қытай мен Қазақстан: ортақ даму және жаңғырту» тақырыбымен өтті. Қытай мен Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттарынан 50-ден астам сарапшы мен ғалым қатысып, екіжақты қатынастардың стратегиялық үйлестірілуіне зияткерлік қолдау көрсетуді мақсат етті.
Қытай ғылым академиясының Ресей-Шығыс Еуропа -Орталық Азия институтының директоры Сун Чжуанчжи құттықтау сөзінде Қытай мен Қазақстан екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне аяқ басқанын айтты. Қытай «15-інші бесжылдық» жоспарының жаңа тарауын ашқан кезде, екі елдің даму стратегиялары терең үйлесіп, екіжақты ынтымақтастық орнықты, прагматикалық, тұрақты және жоғары сапалы даму сипатын көрсетіп, аймақтағы тату көршілік ынтымақтастығының үлгісіне айналды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов халықаралық жағдайдың терең өзгеруі аясында сараптамалық орталықтардың маңызы арта түсетінін атап өтті. Оның пікірінше, Қытай-Қазақстан сараптамалық орталықтар форумы тек академиялық алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар екі ел арасындағы пікір бірлігін қалыптастыру және саяси үйлестіруді ілгерілетудің маңызды көпірі.
Форумға қатысушы сарапшылар тұрақты жан-жақты стратегиялық серіктес ретінде Қытай мен Қазақстанның сауда-экономика, энергетика, цифрлық экономика және т.б. салалардағы ынтымақтастық әлеуеті зор екенін, сараптамалық орталықтардың ынтымақтастығы екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге және Қытай-Орталық Азия тағдыры ортақ қауымдастығын құруға үлес қоса беретінін бірауыздан айтты.
Бұл форум Қытай ғылым академиясының Ресей-Шығыс Еуропа-Орталық Азия институты мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.
people.cn © People's Daily Online



