- Барлық ақпарат
Сицзанның алғашқы 5 регион деңгейлі археологиялық саябағы ресми түрде ашылды

16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылғы мәдени және табиғи мұра күніне орай Сицзан автономиялық регионының басты іс-шарасы 13 маусымда Лхаса қаласының Чэнгуань аумағындағы Цюйгун қонысында өтті. Іс-шара барысында Сицзанның алғашқы 5 региондық археологиялық саябағына куәлік табысталды.
Осы бес орынның арасында Сицзан орталығынан табылған алғашқы неолит дәуіріне жататын қоныстар және ежелгі таулы аймақтағы жағалаулық өркениеттің аңшылық мәдениетін көрсететін бір орын бар.
Орталық үкімет Сицзанның мәдени ресурстарын қорғауға әрдайым жоғары мән береді. Региондық мәдени мұра басқармасының мәліметінше, мемлекет сирек кездесетін кітаптарды, соның ішінде Потала сарайындағы пальма жапырақтарына жазылған будда жазбалары секілді құнды мұраларды қорғау жобаларына 110 миллион юаньнан астам қаржы бөлген.
Биыл қаңтарда Сицзан автономиялық регионының мәдениет және туризм департаменті бүкіл ел бойынша төртінші мәрте өткізіліп жатқан мәдени мұраларды түгендеу кезінде Сицзаннан 3346 орын жылжымайтын мәдени мұра объектісі жаңадан табылғанын және бұл көрсеткіш бойынша Сицзан елімізде алдыңғы қатарда тұрғанын мәлімдеді.
people.cn © People's Daily Online



