- Барлық ақпарат
Гуандун-Сянган-Аомэнь үлкен шығанағы аймағындағы Шицзыян көпірінің негізгі кабель тірегі орнатылды

16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 14 маусым күні Гуандун-Сянган-Аомэнь үлкен шығанағы аймағындағы Шицзыян арнасының негізгі басқару жобасы болып табылатын Шицзыян көпірінің негізгі мұнарасына арналған басты кабель тірегінің алғашқы жиынтығын көтеру сәтті аяқталды.
Бұл — негізгі аралығы 2000 метрден асатын әлемдегі алғашқы екі қабатты аспалы көпір, негізгі аралығының ұзындығы мен қозғалыс жолақтарының саны бойынша өз классы үшін рекорд орнатты. Орнатылған кабель тірек құрастырмасы жеңіл дизайн мен ақылды өндіріс технологиясын қолданған. Негізгі кабель тірегінің алғашқы жиынтығының сәтті орналастырылуы кейінгі құрылыс жұмыстарына негіз қалады.
Чжуцзян дариясын кесіп өтіп жатқан Шицзыян арнасының жалпы ұзындығы шамамен 35 шақырым. Ол Гуандун-Сянган-Аомэнь үлкен шығанағы аймағының көлік желісіндегі маңызды торап.


people.cn © People's Daily Online



