- Барлық ақпарат
Жапония жар салып жүрген айтылмыш «Айналадағы қауіп» – сайып келгенде «өзі қойған ойын»

17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Жапония БАҚ-тары Санаэ Такаити үкіметінің тұсында әзірленген алғашқы «Қорғаныс ақ кітабының» жобасының мазмұнын жария етті. Жобада Қытайдың ұлттық күшінің өсуі әкелетін «қауіпсіздік сын-қатерлері» асыра сілтеніп, Қытайдың Тынық мұхитындағы қалыпты әрекеттері «қауіпсіздік қатері» ретінде бұрмаланып көрсетілген.
Мұндай әрекеттер Жапонияда жаңалық емес – «Қытай қауіпі» деген тақырыпты даурықтыру арқылы өзінің әскери экспансиясына сылтау іздеу. Соңғы жылдары Жапония қорғаныс саласындағы көптеген саяси түзетулерді жүзеге асыруда: шетелдік бірлескен әскери жаттығуларға жиі қатысу, «ядролық қарусыз үш принципті» қайта қарау, қару-жарақ экспортына қойылған шектеулерді жеңілдету, қорғаныс бюджетін үздіксіз ұлғайту және барлау, ақпарат жинау жүйесін жетілдіру.
Бір жағынан, Жапония халықаралық алаңдарда өзін «бейбітшіл мемлекет» ретінде көрсетуге тырысады. Екінші жағынан, Азия-Тынық мұхит аймағында әскери ынтымақтастықты күшейтіп, одақтастарды тартып, аймақтық шиеленісті тудыруда. Нағыз «қауіп» кім екені – іс жүзінде өте айқын.
people.cn © People's Daily Online



