- Барлық ақпарат
2025 жылы Қытайдағы жаңартылатын энергия көздерінің жаңадан қосылған қуаты әлемдік үлестің 60%-нан асты
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 17 маусым

17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында жарияланған «Қытайдың жаңартылатын энергия көздерін дамыту туралы баяндамасында» көрсетілгендей, 2025 жылы Қытайдағы жаңартылатын энергия көздерінің жаңадан қосылған қуаты тарихи рекордты жаңартып, әлемдік жаңадан қосылған қуаттың 60%-дан астамын ұстады.
Жаңартылатын энергия көздерімен жабдықтау мүмкіндігі айтарлықтай артты. 2025 жылы Қытай бойынша жаңартылатын энергия көздерінен өндірілген электр энергиясы 3,99 триллион кВт/сағатты құрап, барлық электр станцияларының жалпы өндірісінің 38,3%-ын құрады. Оның ішінде жел және күн электр станцияларының жалпы өндірісі 2,3 триллион кВт/сағатты құрап, жалпы өндірістің 22,1%-ын құрады.

Синьхуа агенттігінің суреті
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



