- Барлық ақпарат
Қытайдағы шөлге айналған жерлердің ауданы жылына 667 мың гектарға қысқаруда

17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 17 маусым – Дүниежүзілік шөлейттенумен және құрғақшылықпен күрес күні. Орман және жайылым шаруашылығы істері жөніндегі мемлекеттік басқарманың соңғы деректері бойынша, Қытайда шөлейттенумен күрес айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.
«Үш солтүстік» бағдарламасының алтыншы кезеңіне (2021-2030 жж.) 30,87 миллион гектар көлемінде тапсырма жоспарланып, оның 23,67 миллион гектары орындалды, яғни жоспардың жартысынан астамы іске асырылды. «14-інші бесжылдық» кезеңінде ел бойынша шөлге айналған жерлерді жақсарту жұмыстары 10,13 миллион гектар көлемінде, ал тасты шөлейттенген жерлерді жақсарту 1,95 миллион гектар көлемінде жүргізілді.
Қытайдағы шөлге айналған жерлердің ауданы 20 ғасырдың соңында жылына орташа 343 мың гектарға ұлғайса, қазір жылына орташа 667 мың гектарға қысқаруда. Сегіз үлкен шөл мен төрт үлкен құмды алқаптардағы топырақ жел эрозиясының жалпы көлемі 2000 жылмен салыстырғанда шамамен 40%-ға төмендеді. Шөлді аймақтардағы өсімдік жамылғысының орташа тығыздығы 21,17%-ға жетіп, бұл көрсеткіш 10 жыл бұрынғыдан 2,84%-ға өсті. «Үш солтүстік» бағдарламасы аймағындағы орман және жайылым жамылғысының тығыздығы 40,76%-ды құрап, шөлейттенуден жақсартуға болатын жерлердің 67,82%-ы тиімді түрде жақсартылды.
people.cn © People's Daily Online



