- Барлық ақпарат
Бейжің халықаралық кітап көрмесіне 1100-ден астам шетелдік көрме қатысуда

17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 32-інші Бейжің халықаралық кітап көрмесі 17 маусым күні Бейжіңдегі Ұлттық конгресс орталығында ашылды.
Жалпы аумағы 60 000 шаршы метрді алып жатқан көрмеге 82 ел мен аймақтан 1700-ден астам көрме қатысушысы келді. Олардың ішінде 1100-ден астамы шетелдік көрмелер. Қатысушы елдерге келер болсақ, өткен жылмен салыстырғанда жаңадан 10 ел қосылған. Іс-шарада 220 000 таңдалған нақты кітап атаулары көрсетіліп, 1000-нан астам мәдени алмасу іс-шаралары онлайн және офлайн режимінде өтеді. Аталмыш шара көрмелердің сапасын, авторлық құқық саудасын және мәдени алмасуды жақсарту арқылы баспа кәсіпорындары мен көрнекті басылымдардың әлемдік деңгейге шығуына көмектесуге бағытталған.
Біріккен Араб Әмірліктері биылғы көрменің құрметті қонағы ретінде қатысуда. Олар 30-ға жуық мәдени және баспа мекемелерін қатыстырып, 20-дан астам алмасу іс-шарасын өткізеді.
people.cn © People's Daily Online



