- Барлық ақпарат
Қытайдың кешенді бажыдан кепілдендірген аймақтарында тауарлар саудасы 2026 жылдың алғашқы бес айында 27,1%-ға өсті

17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 16 маусым күні «Кешенді бажыдан кепілдендірген аймақтардың қуатын кеңейту және сапасын жақсарту шаралары» тақырыбында өткен саяси брифингке сәйкес, Қытайдың кешенді бажыдан кепілдендірген аймақтарындағы тауарлар импорты мен экспортының жалпы құны 2026 жылдың алғашқы бес айында 3,5 триллион юаньға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 27,1%-ға өсіп, елдің жалпы импорты мен экспортының 16,9%-ын құрады. Елдің жер аумағының небәрі 0,005%-ын қамтитын бұл аймақтар ұлттық сыртқы сауда құнының 1/6 бөлігін құрап, сөйтіп ол Қытайдың сыртқы саудасын дамытудағы маңызды платформа болды.
Қазіргі уақытта Қытайда 31 өлке, автономды регион және төте қарасты қалалар бойынша 174 арнайы кедендік бақылау аймағы бар. Оларға 168 кешенді бажыдан кепілдендірген аймақ, 4 бажыдан кепілдендірген аймақ (Шанхай Вайгаоцяо, Далянь, Нинбо және Футянь), 1 шекарааралық өнеркәсіптік аймақ (Чжухай-Аомэнь шекарааралық өнеркәсіптік аймағының Чжухай аумағы) және 1 бажыдан кепілдендірген порт аймағы (Янпу) кіреді.
people.cn © People's Daily Online



