Әлемдегі ең ірі метаморфты жыныстар кен орнының II кезеңіне арналған барлық платформаның құрылысы аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 17 маусым

17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 16 маусым күні Тяньцзиньнің Биньхай жаңа аймағындағы соңғы платформаның сәтті кемеге жүктелуімен әлемдегі ең ірі метаморфты жыныстар кен орны — Бочжун 26-6 мұнай кен орнының II кезеңдік игеру жобасының барлық платформасының құрлықтағы құрылысы аяқталды, бұл кен орнының өндірісті жоспар бойынша бастауына негіз қалады.

Бохай теңізінің орталық су алаңындағы Бочжун 26-6 мұнай кен орнында 4500 метрден асатын тереңдіктегі архейлік көмілген таудың метаморфты жыныс түзілімдерінде орныққан қор бар. Әлемдегі ең ірі метаморфты жыныстар кен орны ретінде онда жалпы көлемі 200 миллион текше метрден асатын мұнай мен газдың дәлелденген геологиялық қорлары сақталған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото