- Барлық ақпарат
Еліміздің батыс аймақтарының импорт пен экспорт көлемі осы кезеңдегі рекордтық деңгейге жетті

18 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Чэнду кеденінің статистикасына сәйкес, Қытайдың батысындағы 12 өлке, автономиялық регион және төте қарасты қалалар бойынша тауарлар импорты мен экспортының жалпы құны осы жылдың алғашқы бес айында 2,06 триллион юаньға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,5%-ға өсіп, сәйкес мезгілдермен салыстырғанда рекордтық деңгейді орнатып, осы уақыттағы елдің жалпы сыртқы саудасының өсуіне 11,7% үлес қосты. Оның ішінде экспорт 1,3 триллион юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 16,6%-ға өсті, ал импорт 759,67 миллиард юаньды құрап, сәйкес уақытпен салыстырғанда 22%-ға өсті.
Нақты импорт пен экспорт қызметімен айналысатын кәсіпорындар саны 39 000-ға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,5%-ға өскен. Оның ішінде 36 000 жекеменшік кәсіпорындар бар. Осы бес айлық кезеңде батыс аймақтың «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салатын елдермен импорты мен экспорты 1,3 триллион юаньды құрады, бұл сәйкес уақытпен салыстырғанда 18,2%-ға артып, аймақтың жалпы сыртқы сауда құнының 60%-дан астамын құрады.
people.cn © People's Daily Online



