- Барлық ақпарат
2026 жылғы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясында 3000-нан астам экспонат қойылады

18 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылғы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы және жасанды интеллектті жаһандық басқару жөніндегі жоғары деңгейдегі жиналысына 30 күн қалуына орай өткен баспасөз мәслихатында биылғы конференция «Интеллектпен бірге болашақты жасау» тақырыбымен 17-20 шілде аралығында Шанхайда өтетіні белгілі болды.
Шанхай қалалық экономика және ақпараттандыру комитетінің төрағасы Тан Вэньканьның айтуынша, конференция жасанды интеллектті дамыту мен басқару – жаһандық назардағы өзекті мәселеге арналып, алты негізгі бағыттан тұрады, олар: форум отырыстары, көрмелер, байқаулар мен марапаттаулар, тәжірибелік қолдану, инновациялық инкубация, таланттар тарту.
Конференцияда 140-тан астам тақырыптық форум өткізіліп, 1400-ден астам халықаралық қонақ жиналады деп жоспарланып отыр. Көрме аумағы 100 мың шаршы метрден асады, 1100-ден астам компания қатысып, 3000-нан астам экспонат ұсынылады. Кәсіби деңгейі мен салалық ықпалы жылдардағы ең жоғары көрсеткішке жетеді.
Айтарлықтай назар аударатын жәйт – конференция аясында тұңғыш рет жасанды интеллект бойынша академиялық конференция өткізіліп, оны Тьюринг сыйлығының иегері мен қытайлық және шетелдік академиктер басқарады. Қазіргі уақытқа дейін әртүрлі елдер мен аймақтардан 284 мақала қабылданды.
people.cn © People's Daily Online



