Шетелдік туристер баяу пойыздармен Қытайдың солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі көріністерін тамашалады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 24 маусым

24 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Хунань өлкесіндегі Чжанцзяцзе өзінің ерекше жер бедерімен әлемге әйгілі туристік бағыт. Жақында Бейжіңнен Чжанцзяцзеге қатынайтын төсекті пойыз осы бағыт бойынша саяхаттайтын көптеген шетелдік туристердің басты таңдауына айналды.

Z295/298 пойызы Бейжіңнен сағат 11:14-те шығып, келесі күні таңғы сағат 5:20-да Чжанцзяцзеге жетеді. Жалпы ұзындығы 1926 шақырымды құрайтын бұл бағыт Шицзячжуан, Чжэнчжоу және Чанша сияқты қалаларды басып өтеді.

«Біз Қытайдың кәдімгі ұйықтайтын пойыздарына мінгіміз келгендіктен жоғары жылдамдықты пойызды таңдамадық»,- дейді Ұлыбританиядан келген халықаралық студент Розанна. «Сыныптастарым маған бұл пойызбен жазықтан тауларға дейінгі әртүрлі көріністерді тамашалауға және Қытайдың ерекше ландшафттарымен танысуға мүмкіндік беретінін айтқан болатын»,- дейді студент.

Моңғолиядан келген саяхатшы Гантуя «Мен Қытайға достарыммен келдім, біз осы пойызды арнайы таңдадық. Біз пойызда әңгімелесіп, кеште бір ұйықтап оянсақ, Чжанцзяцзе ұлттық орман саябағына жетіп келдік. Бұл өте ыңғайлы»,- деп әсерімен бөлісті.

«Біз балаларымызбен Қытайға алғаш рет келіп отырмыз»,- деді Ресейден келген турист Инна. Олардың сапары дәстүрлі Дуаньу фестивалімен тұспа-тұс келгендіктен пойызда қытайлық және халықаралық жолаушылар қатысқан мерекелік ойындар өтіп, ерекше думанды болған.

Пойыз бригадасының мүшелері сонымен қатар саяхат бойынша кеңестер беріп, жолаушыларға Чжанцзяцзеге жеткеннен кейінгі сапарларын жоспарлауға көмектеседі.

Фото:Қытай темір жолы

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото