- Барлық ақпарат
Отандық коммерциялық ұшақ C909 екінші биік таулы әуе бағытын ашты

24 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 23 маусымда Chengdu Airlines әуекомпаниясының C909 ұшағы «Аққу» тақырыптық рейсі теңіз деңгейінен 2506,85 метр биіктікте орналасқан Хэцзин-Баянбұлақ әуежайына аман-есен қонды, осылайша Үрімжі – Хэцзин – Қашқар бағыты ресми түрде ашылды. Бұл Қашқар – Ташқорған бағытынан кейін C909 ұшағымен орындалатын екінші биік таулы әуе бағыты. Осы арқылы отандық коммерциялық ұшақтың күрделі пайдалану ортасындағы бейімділігі тағы бір рет дәлелденді.
2016 жылы әлемдегі тұңғыш C909 ұшағы Чэндуда коммерциялық пайдалануды бастағаннан бері он жыл өтті. Chengdu Airlines C909 ұшағы бірінші жолаушыдан бастап 9 миллионнан астам жолаушыны тасымалдады, бір базалық пайдаланудан көп орталықты ынтымақтастыққа дейін, қарапайым бағыттардан биік таулы және халықаралық бағыттарға дейін дамып, отандық коммерциялық ұшақтарды ауқымды пайдаланудың жаңа сатысына үздіксіз ілгеріледі. Екінші биік таулы әуе бағытының сәтті ашылуы – отандық коммерциялық ұшақтың күрделі пайдалану ортасына бейімделудегі күшті қабілетінің айғағы.
Сурет Синьхуа агенттігінен алынды
people.cn © People's Daily Online



